Аймақтар • 10 Наурыз, 2022

Ақтөбе әуежайы жабылады

601 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе әуежайы екі аптаға жабылады. Әуежайда ұшу-қону жолағы жөнделеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе әуежайы жабылады

«Ақтөбеге арнайы комиссияның келгені белгілі. Азаматтық авиация комитеті, Әуе әкімшілігінің өкілдерімен бірге өзім де ұшу-қону жолағын қарап шықтым. Жалпы ұшу-қонау алаңының жағдайы орташа деңгейде. Ал Әуе әкімшілігі ұшу-қону жолағының кейбір бөлігі жарамсыз екенін айтты. Аз уақыттың ішінде бұру, басқару аумағына жөндеу жүргізілуі керек. Әуе компанияларының өкілдері жалпы ұшу алаңының қалыпты жағдайда екенін айтып отыр. Әзірге ұшу-қонуды жалғастыра береміз. Дегенмен біз жолаушылардың қауіпсіздігі маңызды екенін түсенеміз. Аз уақыттың ішінде жөндеуіміз керек. Ауа райы қалыпқа түскен кезде шамамен екі аптаға әуежайды жауып, жөндеу жүргіземіз. Алдағы уақытта бұл туралы қосымша хабарлаймыз», деді облыс әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаров.

Айта кетейік, Ақтөбе әуежайын сенімгерлік басқаруға беру үшін байқау жарияланғаны белгілі. Дегенмен инвестор табылмаған.



Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35