Президент • 10 Наурыз, 2022

Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының жаңа Президентін құттықтады

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті лауазымына сайланған Юн Сок Ёльді құттықтап, табысты қызмет етуіне тілектестік білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының жаңа Президентін құттықтады

«Еліңіздің баянды өркендеуін жалғастыруға, дүниежүзілік қауымдастықтағы беделін асқақтатуға бағытталған игі істеріңіз бен тың бастамаларыңыз әрдайым табысты болуына тілектеспін. Қазақстан мен Корея арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухында дамып жатқан кеңейтілген стратегиялық серіктестігімізді бүгіннен де биік белестерге көтеру мақсатында Сізбен күш-жігер жұмылдыруға дайын екенімді растаймын», делінген құттықтау хатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Юн Сок Ёльдің аса жауапты қызметіне сәттілік және достас корей халқына толассыз құт-береке тіледі.