Қоғам • 11 Наурыз, 2022

Жиырма жыл күткен құжат

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тарихи атамекені ретінде Атырауға көшіп келетіндердің қатарында ресейлік қандастар да бар. Соның бірі – 44 жастағы Надия Нәбиқызы. Ол бұдан 20 жыл бұрын Ресей Федерациясынан қоныс аударған.

Жиырма жыл күткен құжат

Үш бала тәрбиелеп отырған қандасымыз осы кезге дейін КСРО-ның қызыл паспортымен жүрген. Сол себептен, балаларымен бірге тегін медициналық көмекке жүгіне алмаған. Жеке басын куәландыратын құжаты болмағандықтан, тұрақты жұ­мыс істемейді.

– Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызмет­керлеріне жүгініп, Қа­­зақ­стан азаматтығын алу­ға өтініш берген едім. Поли­­ция капитаны Айдана Аман­­гелдиева өтінішімді жауапсыз қалдырмай, Ресей Феде­рация­сының Астрахань қала­сын­дағы елшілікке сұрау салу­ға барды. Қазақстан Рес­пуб­ли­касының азаматтығын алу­­дың жеңілдетілген тәртібін түсін­діріп, құжаттарымды рет­­теп берді. Елдің азаматы атан­ғаннан артық қуаныш бола ма? Енді еліміздің өркен­деуіне үлесімді қосуды мақсат етіп отырмын. Көші-қон қыз­метінің қызметкерлеріне қол­дау көрсет­кені үшін алғыс айтамын, – дейді Надия Набиқызы.

 

Атырау облысы