Қоғам • 11 Наурыз, 2022

Волонтерлер сыйлаған баспана

409 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ерлі-зайыпты Талап пен Сара Алфаритовтардың жеті баласы бар. Олар 30 шаршы метрлік баспанада тұрады. Отағасы Талап – екінші топтағы мүгедек, еңбекке жарамсыз. Әйелі Сара да жұмыс істемейді. Бала тәрбиесімен отыр.

Волонтерлер сыйлаған баспана

Отбасының үлкен қызының тәрбиесінде жалғыз бала бар. Ұлы – колледж студенті. Өзге балалары мектепте оқиды.

– Бұл отбасының әлеуметтік жағдайын зерттеп көрдік. Баспана салып алуға жағдайы көтермейді. Сол себептен Ин­дер ауданының еріктілері видео түсіріп, әлеуметтік желі­де таратты. Бірнеше күнде үй сатып алуға қажетті қаржы жи­налды. Тұрғын үй Индер ауданындағы Өрлік ауылынан сатып алынды. Өйткені бұл отбасы осы ауылда тұрады. Сатып алынған үй жеті бөлмелі, барлық жиһазбен жабдықталды. Сондай-ақ аулада гараж, монша бар. Үй дуалмен қоршалған, – дейді волонтер Асхат Тантаев.

Оның айтуынша, бұл – қи­налған жандар үшін сатып алын­ған алғашқы үй емес. Өт­кен жылы осындай көмек ауыл­дың өзге тұрғынына көрсе­тілген.

 

Атырау облысы