Оқиға • 11 Наурыз, 2022

«ӨКМ Операторы» экс-директорына қатысты тергеу басталды

196 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты 2016-2021 жылдар кезеңінде көлік құралдарын утильдеудің жоғары құнын белгілеу арқылы кәсіпорынның 20 миллиард теңгеден астам сомадағы ақшалай қаражатын жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

«ӨКМ Операторы» экс-директорына қатысты тергеу басталды

«ӨКМ Операторы» ЖШС бұрынғы бас директоры соттың санкциясымен қамауға алынды.

Сонымен қатар бұған дейін сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен экология вице-министрі және «ӨКМ Операторы» ЖШС басқарма төрағасы ұсталған еді.

Тергеу жалғасып жатыр.