Қоғам • 11 Наурыз, 2022

Қазақстанның алтын қоры азайды

582 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы LS сараптама агенттігі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанның алтын қоры азайды

Дүниежүзілдік алтын бойынша кеңестің ақпаратына сәйкес, наурыздағы жағдай бойынша қымбат металл көлемі 385 тоннаны құрады. Ал жыл басында ол 407 тонна болған. Қазақстан алтын қоры бойынша Түркия мен Португалияның ортасында, 13-орында тұр. Алтын қоры бойынша АҚШ, Германия және Италия алдыңғы қатарда. 

Ал Comex биржасындағы қымбат металдың бір троя унциясы шамамен екі мың долларға сатылып жатыр. Ұлттық банктің сайтында бір грамм алтын 32 400 теңге тұрады.