Әлем • 11 Наурыз, 2022

Украинаның Еуроодаққа мүше болуы жайы сөз болды

434 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ЕО қазіргі төрағасы Франция астанасының шетіндегі Версальда Еуроодақ саммиті өттті. Онда оған мүше елдердің көшбасшылары мен Брюссель өкілдері Киевті қолдау және Мәскеуге қарсы санкциялар енгізу мәселесін қарады, деп хабарлайды Egemen.kz Еуроньюске сілтеме жасап.

Украинаның Еуроодаққа мүше болуы жайы сөз болды

Күн тәртібіндегі мәселелердің бірі – Украинаның Еуроодаққа кіруге шұғыл ұсынысы. Бұл идеяны шығыстағы мүше елдер қолдап жатыр, бірақ басқа көптеген елдер бұл процедураның айтарлықтай көп уақыт қажет ететінін алға тартуда. Кезекте көптеген жылдар бойы бірнеше ел тұр, олар мүшеліктің критерийіне сай келу үшін көп нәрсе жасаған.

«Нидерланды мен Украинаның иық тірестіріп тұрғанына ешкімнің күмәні болмасын. Бірақ ұйымға қосылуды жеделдету деген түсінік жоқ», деді голландық премьер-министр Марк Рютте.

Талқылаудың тағы бір тақырыбы – блоктың ресейлік энергия көздеріне тәуелділігін қалай жеңуге болатыны туралы. Оны сатып алуды жыл соңына дейін үштен екіге қысқарту ұсынылды. Көшбасшылар біртіндеп басқа жеткізушілерге немесе басқа көздерге ауысу қажеттігімен келісті.