Аталған сайыста алтын медаль франциялық Бенжамен Давьеге бұйырса, одан кейінгі орындарды канадалық Марк Арендц пен украиналық Григорий Вовчинский өзара бөлісті.
Қазақстан спортшылары Паралимпиада ойындарына 1994 жылдан бері тұрақты түрде қатысып келеді. Бүгінгі күнге дейін 1994 жылы 10 шақырымға классикалық мәнерде шаңғы жарысында қазақстандық Любовь Воробьева күміс алған еді.
Ал 2018 жылы шаңғымен жарыста Александр Колядин 1,5 шақырымға классикалық мәнерде спринт жарысында чемпион атанды.