«Президент жалпы газет-журналды жас кезінен көп оқиды. Мына фото Қасым-Жомарт Кемелұлының студенттік шағынан. Мәскеу қаласы, ММХҚИ жатақханасы, 1975 жыл», - деп жазылған таратылған хабарламада.
«Мерзімді баспасөзді үзбей қараймын. Бұл – менің бұрыннан қалыптасқан дағдым… Жалпы, мен көп оқитын адаммын. Жақсы мақала немесе сұхбат көрсем, астын сызып оқуға тырысамын. Өзекті мәселе байқасам, оған қатысты нақты тапсырма беремін», - деген еді Мемлекет басшысы 2022 жылдың 17 ақпанында «QAZAQSTAN» ұлттық телеарнасына берген сұхбатында.