«QAZAQ AIR әуекомпаниясы Ресейге жоспарланған барлық рейстер 2022 жылдың 13 наурызынан бастап қайта орындала бастайтынын хабарлайды. Билеттерді брондау www.flyqazaq.com сайты арқылы қолжетімді.
2022 жылдың 12 наурызында рейстердің орындалмауына қатысты уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. QAZAQ AIR авиакомпаниясы қазақстандық және халықаралық стандарттарға сәйкес ұшулар қауіпсіздігі бойынша барлық талапты сақтап отыр», - делінген компания сайтында.
Еске салайық, аталған компания 12 наурызға Ресейге жоспарланған рейстерді іске асырған жоқ. Оның себебі сақтандыру өтеліміне байланысты.
«QAZAQ AIR авиакомпаниясы сақтандыру ұйымынан Ресей территориясында және оның әуе кеңістігінде сақтандыру өтелімі жүргізілмейтіні туралы хабарлама алды. Аталған жағдайға байланысты авиакомпания Ресей территориясы әуесінде сақтандыру өтелімі туралы мәселе шешімін таппайынша Ресейге авиарейстерді орындауға қауқарсыз. Осы себепті Новосибирскіге бүгінгі (12 наурыз) рейс орындалмайды», - деген еді авиакомпаниядан.