Спорт • 13 Наурыз, 2022

Бейжің паралимпиада ойындарының үздік үштігі белгілі болды

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайлық спортшылар Бейжіңдегі Паралимпиада ойындарында жалпы есеп бойынша алға шықты, - деп хабарлайды Egemen.kz. РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

Бейжің паралимпиада ойындарының үздік үштігі белгілі болды

Қытайлық паралимпиадашылар 18 алтын, 20 күміс және 23 қола медаль жеңіп алды. Екінші орынға Украина командасы тұрақтады (11-10-8). Үштікті канадалықтар аяқтады (8-6-11).

Халықаралық паралимпиада комитетінің атқарушы органы (IPC) 2 наурызда Украинадағы оқиғалар аясында Ресей мен Беларусь құрамаларына Бейжің паралимпиадасына бейтарап күйде қатысуға рұқсат берді. Алайда келесі күні IPC басқарушы органы ресейліктер мен беларуссиялықтарды ойындарға жібермеу туралы шешім шығарды. Мұны бірқатар құраманың бойкот жариялау қаупіне байланысты деп түсіндірді.

Қытайда Паралимпиада ойындары жексенбіде аяқталады.