15 Мамыр, 2010

ЗАҒИПТАРДЫҢ МҰҚТАЖДЫҒЫ ШЕШІЛДІ

536 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жарық дүниені көру бақыты бұйырмағандар тағдыр тәлкегіне қарамастан қол қусырып отыр­ған жоқ. Қазақ соқырлар қоғамы Талғар оқу-өндірістік бірлесті­гінде еңбек ететін зағиптардың мәселелеріне облыс әкімі түсі­ніс­тікпен қарап, оның оң шеші­луін бақылауына алған. Облыс­тық жұмыспен қамтуды үйлес­тіру және әлеуметтік бағдарла­малар басқармасының бастығы Қ.Алдабергенов өндіріс орнында болып, кембағал жандардың мұң-мұқтажына құлақ түрді. Ауыртпалыққа мойымай, өз күндерін көруге талпынғандар кәсіпорында кір бастырғыштар мен малға арналған сырға, жүзден астам түйме түрлерін жасауға мекеме, кәсіпорын­дардан тапсы­рыс алыпты. Келі­сім-шартты орын­дауға ден қойған олардың табыстары да жақсы. Сонымен бірге, облыс әкімінің тапсырма­сы­мен жеке кәсіпкерлер оларға 1 млн. 470 мың теңгенің көмегін көрсетіпті. Әр отбасына қосымша қаржылай қамқорлық жасалға­нын да айтқан жөн. Кездесуде кәсіпорын жұмыс­шылары Құралай Алтаева, Ма­дияр Жанысбеков, Сейітхан Нұ­ра­­таев және басқалары өздеріне жасалған қамқорлыққа рахметін айтып, толғандырған өзге де мәселелерін ортаға салды. Күмісжан БАЙЖАН, Алматы облысы.