Аймақтар • 13 Наурыз, 2022

Қостанай облысында жолда қалғандар эвакуацияланды

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Наурыз айының 11-12 жұлдызында ауа-райының қолайсыздығына қарамастан жолға шыққан жүзден аса қостанайлық барар жеріне жете алмай қалды. Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті жүргізілген құтқару жұмыстары туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанай облысында жолда қалғандар эвакуацияланды

«Бір тәулік ішінде құтқарушылар 122 адамды эвакуациялаған. Олардың қатарында жеті бала бар. 9 автокөлік жолдың таза бетіне шығарылды.

Атап айтқанда, Қамысты, Сарыкөл, Наурызым және Жангелді аудандарында, сонымен қатар Арқалық пен Жітіқара қалаларының маңайында құтқару жұмыстары жүргізілді», деп хабарлады ведомстводан.