Экология • 14 Наурыз, 2022

«Еуразияның» алғашқы кезеңі аяқталуға жақын

327 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Кас­пийдің ойпатында жаңа кен орын­дарының ашыл­уы көмірсутек шикі­затының стратегиялық резер­він арттырып, көмірсутектерді өндірудің жоға­ры деңгейін сақтауға мүмкіндік береді. Бұл туралы «Еуразия» халықаралық жобасының жү­зе­­ге асыру барысына ар­нал­ған кеңесте отан­дық гео­логтер айтты.

«Еуразияның» алғашқы кезеңі аяқталуға жақын

Экология, геология және табиғи ресурс­тар министрлігінің ақпаратына сәйкес «Еу­ра­зия» халықаралық жобасының 1-ші кезеңін іске асыру үшін Каспийдің қазақ­стан­дық бөлігіндегі ойпатында геология­лық-геофи­зи­ка­лық мәліметтерді өңдеп, озық және ин­но­вациялық технологияларын пайдалану арқы­лы келесі кезеңдеріне жетекші мұнай-газ ком­панияларының қатысу мүмкіндігі қарас­ты­рылды.

Экология, геология және табиғи ресурс­тар министрі Серікқали Брекешев эконо­ми­­калық тұрақ­тылықты қамтамасыз етуде атал­ған жобаны жүзеге асырудың маңызы зор екенін жет­кізді.

Биыл Каспий маңына байланысты қолда бар барлық геологиялық-геофизикалық мәлі­мет­ті озық және инновациялық технологияларды қолданып, қайта өңдеу мен түсіндіру жөніндегі жұмыстар жүргізіледі. Сондай-ақ одан арғы жұмыстарды нақтылау үшін Каспий маңы ойпаты шегіндегі неғұрлым перспективалы аймақтарды анықтайтын есеп орындалып жатыр.

2-3 кезеңдерде өңірлік сейсмикалық бе­йін­дерді, сейсмикалық емес аэро­гео­фи­зи­калық зерттеулерді пысықтап, перспективалы бөлімшелерді шынайы геологиялық зерт­теу және бассейн түбіндегі нысандарды іздеу мақсатында озық инновациялық технологияларды пайдаланып, алынған деректерді өңдеу мен анықталған аймақта терең іздеу ұңғымасын бұрғылау көзделеді.

Қазақстандық мұнайшы-геологтер қоға­мы­ның президенті Балтабек Қуандықов жобаның 1-ші кезеңі бойынша орындалып жатқан жұмыстардың алғашқы нәтижелерін ұсынып, тарихи деректерді заманауи технологиялармен өңдеу нәтижелерін көрсетті.

Ұйым басшысы айтқандай, таяу арада аталған жоба отандық энергетикалық қауіп­сіз­діктің іргетасына айналып, көмірсутек ши­кі­затының стратегиялық резервін арттыруға жол ашады.

Кеңесте осы жобаның 2-3-ші кезеңдерін жүзеге асыруда мұнай-газ компанияларының қатысу шарттарына ерекше назар аударылды.