Қазақстан • 14 Наурыз, 2022

Мемлекеттік қызметке қабылдау ережелері өзгерді

1320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мемлекеттік қызметке қабылдау ережесіне өзгерістер енгізілетін бұйрықты дайындады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекеттік қызметке қабылдау ережелері өзгерді

Атап айтқанда, орталық мемлекеттік органдарда, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдарда, мәслихат аппараттарында, тексеру комиссияларында, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінде персоналды басқару қызметінің басшысы лауазымына орналасуға конкурс өткізу кезінде конкурстық комиссияның құрамына уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің өкілін енгізу ұсынылады.

Агенттіктің есептеуінше, бұл аталған лауазымдарға іріктеудің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың кадрлық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Құжат 30 наурызға дейін «Ашық НҚА» сайтында жария талқылау үшін орналастырылған.