Президент • 14 Наурыз, 2022

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады

543 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Амал мерекесімен құттықтады

«Барша Қазақстан халқын Амал мерекесімен құттықтаймын. Ықылым заманнан бері бабаларымыз бұл күнді «Амал келді, жыл келді» деп ерекше қуанышпен қарсы алған. Дәстүр бойынша осы күні қыстан аман шыққан жұртымыз төс қағысып көріскен. Жыл мерекелі де берекелі болсын!», деп жазды Мемлекет башсысы өзінің Twitter-дегі парақшасында.