Оқиға • 14 Наурыз, 2022

Қаңтарда ұрланған 2000-нан астам қару әлі де қылмыскерлерде

431 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаңтар айындағы оқиға кезінде ұрланған екі мыңнан астам қару әлі де қылмыскерлерде, деп хабарлайды Egemen.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.

Қаңтарда ұрланған 2000-нан астам қару әлі де қылмыскерлерде

«Ұрланған қарулардың ішінде автоматтар, мылтықтар, тапаншалар, гранатометтер, сондай-ақ гранаталар бар. Бейбіт тұрғындарға бұл қаруралдың қажеті жоқ екені түсінікті. Ол елдегі жағдайды тұрақсыздандыру үшін ұрланған. Айтылған барлық фактілер бойынша қылмыстық істер тергелуде», деді Бас прокурор.

Ол Алматы және Жамбыл облыстарының полиция департаменттерінің ғимараттарынан 800-ге жуық атыс қаруы ұрланғанын айтты. Олардың арасында:

- 262 автомат;
- 501 тапанша;
- 12 гранатомет;
- пулемет;
- 60 мыңнан астам оқ-дәрі.
Аңшылық дүкендер мен құқық қорғау және арнайы органдардың қару-жарақ арсеналдарынан үш мыңға жуық қару ұрланған, олардың тек 771-і табылған.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50