Ауа райы • 14 Наурыз, 2022

Ел аумағында жауын-шашын күтіледі

275 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер 15 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Еліміздің басым бөлігінде қатты жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ел аумағында жауын-шашын күтіледі

«Республиканың солтүстік жартысында - қарлы боран, оңтүстік жартысында - жаңбыр, оңтүстіктің, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр мен қар жауады. Елімізде желдің күшеюі, тұман, көктайғақ күтіледі. Республиканың оңтүстігінде - найзағай ойнайды», делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.

Ақмола облысының батысы мен шығысында боран соғып, түнде және таңертең тұман түседі.

Алматы облысының солтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі, түнде облыстың шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман, найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстікте, Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман, көктайғақ, облыстың таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында бұрқасын күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау облысының шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.

Қостанай облысының оңтүстігінде, батысында, түнде батыста, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі.