Әлем • 14 Наурыз, 2022

БҰҰ: 2,7 миллионға жуық адам Украинадан кетті

323 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соғыс басталғаннан бері Украинадан 2 миллион 698 мың 280 адам кеткен. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҰҰ: 2,7 миллионға жуық адам Украинадан кетті

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігінің мәліметінше, Польшаға - 1,6 миллионнан астам адам, Венгрияға - 246 мыңнан астам, Словакияға - 195 мың, Ресейге - 105 мың, Молдоваға - 104 мың, Румынияға - 84 мыңнан астам, Беларусь еліне - 938, басқа Еуропа елдеріне – 304 мыңнан астам адам көшіп барған. 

Украинада 2022 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 41 миллион 167,3 мың адам тұрған. 

Еске салсақ, 24 ақпанға қараған түні Ресей президенті Владимир Путин Украинаның Донбассында арнайы әскери операция басталғанын хабарлады.