Білім • 14 Наурыз, 2022

Президент тапсырмасы: Ұстаздардың жалақысы артты

580 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұстаздар жалақысын көбейту туралы тапсырмасы орындалды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында жазды, деп хабарлайдыEgemen.kz.

Президент тапсырмасы: Ұстаздардың жалақысы артты

Еске сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында ұстаздар жалақысына қатысты мәселе көтерген болатын.

«Білім саласындағы басты мәселенің бірі – ұстаздар жалақысының аздығы. Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын 25 пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдадым. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 трлн теңге бөлінеді», деген еді ҚР Президенті.а

Сонымен 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мәдениет саласындағы арнаулы мектептер мен колледжер қызметкерлерінің еңбекақысы 25 пайызға өсті. 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақы тағы 25 пайызға көбейді. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне сабақтан тыс спорт сабақтарын өткізгені үшін базалық лауазымдық жалақының 100 пайызы мөлшерінде қосымша ақы төлеу жүйесі енгізілді.

Дене шынықтыру және спорт саласындағы мамандандырылған мектептер мен колледждер қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға өсті.



 

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35