Үкімет • 14 Наурыз, 2022

Әлихан Смайылов Дүниежүзілік банктің вице-президентімен кездесті

272 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Дүниежүзілік Банктің Еуропа және Орталық Азия аймағы бойынша вице-президенті Анна Бьердемен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлихан Смайылов Дүниежүзілік банктің вице-президентімен кездесті

Үкіметтің Telegram парақшасы таратқан мәліметте басқосуда ҚР мен Дүниежүзілік банктің инфрақұрылым, цифрлық технологиялар және қаржы салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыруға қатысты өзара ынтымақтастығының перспективасы талқыланғандығы айтылған.

Айта кетейік, биыл Қазақстан мен Дүниежүзілік банк ынтымақтастығының 30 жылдығын атап өтеді.

«Серіктестігіміздің отыз жылдығы ішінде біз шағын және орта бизнес, қаржы, ТКШ, энергетика, ауыл шаруашылығы және ақпараттық технологиялармен қатар экономиканың түрлі салаларында барлығы 55-тен астам жобаны сәтті іске асырдық», деді Ә. Смайылов.

Бірлескен инфрақұрылымды дамыту жобалары бойынша «Достық – Мойынты» жол учаскесін салу жобасы талқылануда.

Қазіргі уақытта жол құрылысы, білім және ғылым, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнес саласында 7 жоба іске асырылуда.