Қазақстан • 14 Наурыз, 2022

Қазақстан мен Өзбекстан арасында автобустар қайта жүреді

544 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

16 наурыздан бастап Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы автобус қатынасы қайта жанданады, деп хабарлайды Egemen.kz Өзбекстанның Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан мен Өзбекстан арасында автобустар қайта жүреді

Екі ел тасымалдаушылары келесі маршруттар бойынша рейс жасайтын болады: Ташкент – Нұр-Сұлтан, Ташкент – Алматы, Ташкент –Қызылорда, Ташкент – Түркістан, Ташкент – Іргелі, Шыршық – Шымкент және Шыршық – Алматы.

Ведомство қазіргі кезде Өзбекстаннан Қазақстан арқылы Ресей мен Қырғызстанға транзиттік тасымалдауды ұйымдастыру бойынша келіссөз жүріп жатқанын мәлім етті.

Еске сала кетейік, екі ел арасындағы халықаралық автобус қатынасы тура екі жыл бұрын, 2020 жылдың 16 наурызында коронавирус пандемиясына байланысты тоқтап қалған еді.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35