Бокс • 15 Наурыз, 2022

Алты алтын медаль бұйырды

547 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иордания астанасы – Амманда өтіп жат­қан бокстан жастар мен жас­өспірімдер арасындағы Азия чемпио­натының бірінші күнгі финалында Қазақстан құрамасының 13 боксшысы өнер көрсетіп, алты алтын, жеті күміс медаль жеңіп алды.

Алты алтын медаль бұйырды

Ерлер арасында сынға түскен Айдар Қадырхан (52 кг), Төрехан Сабырхан (57 кг), Ахмет Үсен (63 кг) және Санжар-Әли Бегалиев (66 кило) қарсыластарынан басым түсіп, Азия чемпионы атанды. Төре­хан Сабырхан мен Санжар-Әли Бе­галиев Өзбекстан мен Ираннан келген қарсыластарын техникалық нокаутпен жеңді. Ал Мұхаммед-Әли Жанболат (75 кг) пен Аслан Елдібайұлы (80 килодан жоғары) күміске қол жеткізді.

Ал қыздар арасындағы финалдық бәсекеде екі боксшымыз тамаша өнер көр­сетіп, турнир жеңімпазы атанды. Атап айтқанда, Аружан Жанғабаева (66 кг) мен Құралай Егінбайқызы (80 килодан жоғары) Иордания және Үндістан боксшыларын жеңіп, алтыннан алқа тақты. Сонымен қатар Карина Тоқубай (50 кг), Ұлдана Таубай (60 кг), Нұрсұлу Сүйенәлі (63 кг), Роксолана Валиева (70 кг) және Шұғыла Нәлібай (75 кг) алтын жүлдеге қол созым қалған жерде сүрініп, сары құрлық біріншілігінің күміс жүлдегері атанды.