15 Мамыр, 2010

КӨШПЕЛІ КӨРМЕНІҢ АЙТАРЫ КӨП

605 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Үстіміздегі мамыр айының басындағы тамаша мерекелер қарсаңында еліміздің рухани орталық­тарының бірі – Семейде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мұражайының көшпелі көрмесі ашылды. Мұнда алғаш рет өткізіліп отырған бұл көрмеге 200-ден астам экспонат қойылған. Олардың ішінде түрлі тарихи құжаттар көшірмелерімен бірге сан ондаған мемлекет басшы­лары тарапынан Елбасымызға тартылған көздің жауын алатын нақтылы тартулардың түпнұс­қалары да бар. АҚШ, Қытай, Ресей, Үндістан және басқа да ірі мемлекеттер атынан сыйлан­ған мұндай тартулар біздің еге­мен еліміз бен сол егемен еліміз­дің шаңырағын шайқалт­пай алып келе жатқан Елбасымызға деген шынайы құрметті аңғартса керек. Шындығында, бүгінгі күні Еуропа төріндегі ЕҚЫҰ секілді мәртебелі ұйымның тізгінін қолында берік ұстап отырған, жуырда ғана Нью-Йоркте өткен салиқалы саммитте өміршең бастамаларымен көзге түскен, ал алдағы жылы Ислам Конферен­циясы Ұйымына басшылық етуге дайындалып жатқан біздің ел қандай құрметке болсын ла­йық екендігіне кімнің дауы бар. Еліміздің тұңғыш Президенті мұражайының осындағы Нев­зоровтар отбасы атындағы көр­кем­өнер мұражайында өткізіліп жатқан бұл көшпелі көрмесі осы айдың ортасына дейін жалға­сады. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ, СЕМЕЙ.