Кәсіпқой бокс • 15 Наурыз, 2022

Биволдың «Канелоға» шамасы жетпейді – Боб Арум

221 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйгілі америкалық промоутер Боб Арум 7 мамыр күні өтуге тиіс екінші орта салмақ дәрежесіндегі әлемнің абсолютті чемпионы Сауль «Канело» Альварес пен жартылай ауыр салмақ дәрежесіндегі WBA чемпионы Дмитрий Бивол арасындағы шайқасқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Биволдың «Канелоға» шамасы жетпейді – Боб Арум

«Мен Дмитрий Биволдың жақсы боксшы екеніне күмән келтірмеймін. Сондықтан да оны шын мәнінде құрметтеймін. Алайда «Канело» ерекше боксшы екенін ұмытпаған дұрыс. Расында да Сауль өз ісінің нағыз шебері ғой. Сол себепті Дмитрий Бивол оның осал тұсын табады дегенге сенбеймін. Егер ол Альвареске сериялық жойқын соққыларын дарыта алмаса, жеңістің ауылы алыстай түседі. Ал «Канело» көп соққы жібереді дегенге сенудің өзі қиын. Қысқасы, бұл жекпе-жекте мен Дмитрий Биволдың «Канелоға» шамасы келмейді деп есептеймін», дейді промоутер.