Қоғам • 15 Наурыз, 2022

Елімізде мал ұрлығы азайып келеді

605 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Соңғы бес жылда Қазақстанда мал ұрлығы саны азайды. Бұл туралы ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Шалқаров айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде мал ұрлығы азайып келеді

Оның айтуынша, 2017 жылдан 2021 жылға дейін мал ұрлығы оқиғалары 35%-ға (6,3 мыңнан 2,2 мыңға дейін) азайды, оның ішінде ұрланған мал саны екі есеге – 20 мыңнан 9 мыңға дейін азайған.

«Биыл да мал ұрлығының төмендеуінің оң үрдісі сақталып отыр, мал ұрлығы 32,7%-ға төмендеді, бұл ретте ұрланған малдың 44,1%-ы қайтарылды (1300 малдың 573-і табылды)», деді С. Шалқаров ҚР ІІМ ұйымдастырған онлайн-брифингте.

Сонымен бірге министрлік өкілі малды қорғау үшін не істеу керектігі туралы кеңесін де айтты.

«Малды қараусыз қалдырмау керек және мал иесі – әкімдік – малшы арасында үшжақты шарт жасап, GPS-трекерлерді қолданып, мал басын міндетті түрде таңбалау қажет және сақтандыру құралдарын пайдаланған жөн. Қазір мал басын сақтандыру қолжетімді, ол малдың аурудан, өрттен, жазатайым оқиғалардан, табиғи апаттардан және жоғалуынан сақтандыруды қарастырады», деп түсіндірді спикер.