Аймақтар • 16 Наурыз, 2022

Әуежайға Ахаңның есімі беріледі

337 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық мәслихаттың кезек­тен тыс шақырылған же­тінші сессиясында Қос­­танай халықаралық әуе­жайына Ахмет Бай­тұр­сынұлының есімін беру туралы ұсыныс мақұл­данды.

Әуежайға Ахаңның есімі беріледі

Облыстық мәдениет басқар­ма­сының басшысы Ерлан Қалма­қовтың айтуынша, әуежайға ұлт ұс­та­зының есімі беріледі деуге әлі ертерек. Өйткені бұл мәселе ал­дағы уақытта республикалық оно­мас­тикалық комиссия отырысында қаралатын болады.

– Қолданыстағы заңнамаға сәйкес нысандарға кісі есімін беру мәселесін бірінші кезекте ұжым­­ның өзі шешеді. Біз ол ке­зең­­нен өттік. Яғни әуежай ұжы­­мы өздері бастама көтеріп, тал­қы­лап, оң шешім қабылдады. Тәр­­тіп бойынша екінші кезеңде бұл мәселе облыстық мәслихат депу­таттарының қарауына енгізілуі керек. Бүгінгі сессияға қатысқан 128 де­путат әуежай ұжымының ұсы­нысын бір­ауыздан қолдап дауыс берді. Қазір республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жіберілетін құжаттар әзірленіп жатыр, – деді басқарма басшысы.

 

Қостанай облысы