Атырау облыстық ПД департаментінің мәліметінше қаладағы аялдамалардың бірінде атыс болған.
«15 наурызда жергілікті уақытпен сағат 22:10 шамасында Атырау қаласындағы «Авангард-3» шағын ауданындағы аялдамада атыс болған. Атыстың салдарынан 3 адам оқиға орнында қаза тапты. Ал, 26 жастағы жігіт ауыр халде ауруханаға жеткізілді», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Атыстың себебін анықталып жатыр.