
«Мемлекет басшысы барлық азаматтар үшін тең мүмкіндіктердің мызғымас кепілі болуы керек. Сондықтан Президенттің жақын туыстары үшін мемлекеттік саяси қызметшілер мен квазимемлекеттік секторда жетекші лауазымдарды атқаруға заңнамалық тыйым салынады», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.