Президент • 16 Наурыз, 2022

Уәдесін орындамаған депутаттар қайтарылатын болады - Президент

538 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауы барысында депутаттарды сайлау жүйесіне қандай өзгерістер енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Уәдесін орындамаған депутаттар қайтарылатын болады - Президент

«Партияларды тіркеу рәсімдері айтарлықтай жеңілдетіледі. Тіркеу шегін төрт есе – 20 мыңнан 5 мың адамға дейін төмендету керек. Өңірлік өкілдіктердің ең аз саны үш есеге – 600-ден 200 адамға дейін азаяды. 1000-нан 700 адамға дейін, партия құру үшін бастамашыл азаматтар тобының ең аз саны үштен бірге қысқарады», деді Президент.

Мемлекет басшысы сайлауалды науқанында халыққа уәде беріп, сөзінде тұрмайтын депутаттарды сынады.

«Сайлауалды науқанында уәде беріп, тиісті жұмысын атқармай, берген уәдесін орындамаған депутаттар қайтарылатын болады», деп қосты Президент.