Аймақтар • 17 Наурыз, 2022

Ақтөбе әуежайы он күнге жабылады

699 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе әуежайы 17-27 наурыз аралығында қызмет көрсетуін тоқтатады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе әуежайы он күнге жабылады

Әлия Молдағұлова әуежайының әкімшілігі әлеуеттік желідегі парақшасы арқылы хабарландыру таратты. Онда әуежайдың 10 күн бойы жабық болатыны ескертілген.

«Әуежайдың 17-27 наурыз күндері аралығында жөндеуге жабылатынын хабарлаймыз. Билеттерді қайтару немесе қайта брондау сұрақтары бойынша сатып алу орындарына жүгіну керек. Қолайсыз жағдай үшін кешірім сұраймыз», деп жазылған парақшада.

Айта кетейік, Азаматтық авиация комитеті әуе айлағының 17 наурыздан бастап жабылатынын мәлімдеген еді.

Облыс әкімдігі нысанда екі апта жөндеу жүргізілетінін айтты. Кейін күндіз жөндеу жүргізіліп, түнде ұшуға рұқсат берілетіні жарияланды. Ал 12 наурызда ұшып-қону жолағында жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында жалдап алынған арнайы техника істен шыққаны, сол себепті бірнеше рейстер кешіктірілгені мәлім болды.