Футбол • 17 Наурыз, 2022

Бүгін Қазақстан біріншілігінің үшінші туры өтеді

445 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 17 наурызда футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің үшінші туры өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.



Бүгін Қазақстан біріншілігінің үшінші туры өтеді

Биылғы доп додасында барлығы 14 команда бақ сынайды. Олар екі айналым жүйесі бойынша шеберлік сынасады. Бүгін, 17 наурызда алты команда кездеседі.

Аталған турдағы басты ойын елордалық «Астана» мен «Ақтөбе» командалары арасында өтеді. Алғашқы екі турдан кейін ұпай ала алмаған «Астана» көш соңында тұрса, «Ақтөбе» үш ұпаймен жетінші орында келеді.

Кездесу елорда уақытымен 19:00-де басталады.

Үшінші турдағы өзге ойын кестесі төмендегіше: 15.00. «Атырау» мен «Мақтарал» (Түркістан облысы),

17.00. «Ордабасы» (Шымкент) мен «Ақжайық» (Орал)

17.00. «Тұран» (Түркістан) мен «Каспий» (Ақтау)

17.00. «Қайрат» (Алматы) мен «Тараз». «Qazsport».

19.00. «Тобыл» (Қостанай) мен «Қызылжар» (Петропавл)

Аталған турдағы «Шахтер» (Қарағанды) мен «Ақсу» (Павлодар облысы) арасындағы кездесу ауа райының қолайсыздығына байланысты кейінге шегерілді.