Елорда • 17 Наурыз, 2022

Елордада арнайы операция өтті

233 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Полицейлер елордада есірткі өткізумен айналысқан күдіктілерді ұстау бойынша арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордада арнайы операция өтті

«Сүгір Әліұлы көшесі бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 44 жастағы әйел ұсталды, тінту жұмыстары барысында әйелдің тұрғылықты жері бойынша салмағы 4 кг гашиш табылып, тәркіленді. Күдікті есірткі заттарын елорда аумағында сатпақ болған», деп хабарлады Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы 2-бөлігі «Есірткі заттарды, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Есірткі «сатушы» айел 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.