Қазақстан • 17 Наурыз, 2022

Қайрат Боранбаев екі айға қамауға алынды

649 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қайрат Боранбаевқа қатысты квазимемлекеттік секторда аса ірі көлемдегі қаражатты жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тергелуде, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайрат Боранбаев екі айға қамауға алынды

«2022 жылғы 17 наурызда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан сотының баспасөз қызметі.

Сотқа дейінгі тергеудің басқа деректері ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.

Сонымен қатар қаржы мониторингі агенттігі квазимемлекеттік секторда аса ірі мөлшерде қаражат ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде.

Тергеу жалғасуда.