Жекпе-жек • 17 Наурыз, 2022

Чимаевқа қарсы шайқасқа екі орыс жігіті көмектесіп жатыр – Гилберт Бернс

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бразилиялық аралас жекпе-жек шебері Гилберт Бернс Хамзат Чимаевқа қарсы өтетін жекпе-жекке қалай дайындалып жатқаны туралы мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz

Чимаевқа қарсы шайқасқа екі орыс жігіті көмектесіп жатыр – Гилберт Бернс

«Маған ресейлік бапкер Саид Сапаров қол ұшын беріп жатыр. Ол менің күресіме айрықша назар аударып жүр. Одан бөлек мен екі бірдей ресейлік палуанды жалдадым. Олардың шеберлігі өте жоғары деңгейде екеніне көзім жетті. Жігіттер өздерінің аты-жөнін құпия ұстауды сұранды. Келіспеске амалым қалмады. Сол жігіттер менің күресіме бірқатар өзгерістер енгізді. Расында да орыс жігіттерінің күресу мәнері мүлде бөлек. Мен мұндай деңгеймен бұрын-соңды кездесіп көрмеппін. АҚШ палуандары ол деңгейге әлі жете алмасы анық. Қысқасы, алдағы шайқасқа сақадай сай дайындықпен шығамын», дейді ол өз ойымен бөлісіп.