Үкімет • 17 Наурыз, 2022

Дағдарысқа қарсы жедел штабтың кезекті отырысы өтті

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен дағдарысқа қарсы шаралар жөніндегі жедел штабтың кезекті отырысы өтті. Отырыста құрылыс саласын дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дағдарысқа қарсы жедел штабтың кезекті отырысы өтті

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев биыл Қазақстанда 15,1 млн шаршы метр тұрғын үй құрылысы салынатынын айтты.

а

Тұрғын үй және жеңілдікті кредит беру жобаларын іске асыруға 492 млрд теңге, инженерлік және көлік инфрақұрылымын дамытуға 1,4 трлн теңге бағытталды. Сондай-ақ құрылыс материалдары бағасының тұрақтануы байқалды, әсіресе арматура бойынша құны 3%-ға, газоблок 3%-ға, шыны 17,6%-ға төмендеді.

Бизнес қоғамдастықпен бірлесіп Мемлекеттік сатып алу және коммерциялық тұрғын үйді дамыту бөлігінде жедел және жүйелі шаралар пысықталуда.

Негізгі назар құрылыс процестерін әкімшілендіру тетігін қарауға (құрылысқа рұқсат беру, Сәулет-жоспарлау тапсырмасын беру және эскиздік жобаны келісу) және басқа да өзекті мәселелерге аударылды.