Қазақстан • 18 Наурыз, 2022

«Қазіргі бюджетке сыйғызуға тырысамыз» – Министр жаңа облыстардың бюджеті жайлы айтты

2199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров жаңадан құрылатын облыстардың бюджеті қалай қалыптасатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қазіргі бюджетке сыйғызуға тырысамыз» – Министр жаңа облыстардың бюджеті жайлы айтты

«Президент бірінші жартыжылдықтың аяғына дейін орындау үшін айқын тапырма берді. Қазір ұйымдастыру шаралары жүріп жатыр. Әрекеттер алгоритмі пысықталды. Қайта құруға түсетін облыстардың өкілдері қазір Ұлттық экономика министрлігінде жүр. Олардың топтары біздің топтармен бірге жұмыс істеуде. Аумақтық бөлініс мәселесін шешіп жатырмыз. Бұл мәселе қосымша талқыланып, Президенттің тиісті Жарлығы әзірленеді. Негізгі ұйымдастыру жұмыстарын жылдың бірінші жартысына дейін аяқтау жоспарланып отыр, Жалпы алғанда, осы мерзімде Жарлықтардың жобасы әзірленіп, Президенттің шешімі шығарылады», деді министр Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Ведомство басшысының айтуынша, қазір жаңа облыстарды құруға қажет қаражат есептеліп жатыр.

«Қажетті ақша көлемі қазір есептеліп жатыр. Бізде оған қажетті резерв бар. Қазіргі бюджеттің көлеміне сыйғызуға тырысамыз. Бірақ қажет болса, қосымша ақша бөлінеді. Өйткені жаңа әкімшілік-аумақтық бірліктер пайда болады. Әкімдіктер, аудандар құрылып, штаттар саны бекітіледі. Оның бәріне резервіміз бар. Орталықтың, нақты айтқанда Мемлекет басшысының бастамасы болғандықтан, қажет болса республикалық бюджеттен қосымша ақша бөлінеді», деді Әлібек Қуантыров.