15 Мамыр, 2010

МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАР

669 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жыл басынан бері үдемелі индустрия­лық-инновациялық даму жөніндегі аймақтық үйлес­тіру кеңесінің отырыстары жиі­рек өткізіліп келеді. Мұның бір себебі, кезек күт­тір­мей талқыға салатын қызықты жобалар­дың көбейе түсуі болып отыр. Өңір­лік қана емес, одан да ауқымды проблемаларды шешетін жоба­­лардың алға тартылулары аз емес. Солардың ішінде жақында қаралған үш жоба көпшілікті қызықтырды. Облыс әкімінің бірінші орын­­басары Серік Өтешев атал­ған кеңесте баян еткендей “ Номад” ЖШС мойынға артқан астықты терең өңдеу өндірісін құру бұл салада үлкен өзгеріс­тер­ге қозғау салады. Осы істі атқа­ратын зауыт­тың құрылысын кешіктір­мей қолға алу үшін фир­маның өздері ұсынған жобаның облыс­тың индустриялан­дыру картасына енуін қалайтын­дығы айтылды. Жан-жақты талдану барысында ірі бағдарлама екені білінді. Ол жылына 4200 тонна астықтың құрғақ клейковина­сын, сондай-ақ 22800 тонна тауарлы сироп пен 27800 тонна азық қосымшаларын шығаруға мүмкін­дік бермек көрінеді. Бұған боса-болмасын тиісті шикізат облыс көлемінен молынан табы­л­ады. Мәселен, өңдеу үшін клейко­винасы 30 пайыздан аспайтын бидай қажет. Мұның өзі осындай сортты өсіретін шаруа қожалықтарына өнімдерін тікелей өткізуге өте қолайлы жағдай туғызады. Кеңесте оны іске асыруды мақ­сат етушілер талабы қолдан­ды. Сонымен қатар технология­лық газ­дар­ды тазалау жаб­дық­тарын өндіру және көмір тұн­басын қайта өңдеу жобалары­ның маңызды­лығы да назар аудартты. Мұның алдында қарал­ғандары­мен бірге арасынан ең тиімді­лерін іріктеу осы айда аяқ­талады. Таңдалған­дары “Биз­нестің жол картасы-2020” бағдарламасы бойынша іске асырылады. Айқын НЕСІПБАЙ, ҚАРАҒАНДЫ.