Қоғам • 18 Наурыз, 2022

Мұнай экспортына шектеу жоқ – Болат Ақшолақов

726 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау-Кеңқияқ мұнай құбырының реверсін кеңейту жобасын іске асыру мәселесін пысықтау қажет. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұнай экспортына шектеу жоқ – Болат Ақшолақов

«Қазақстанның экспортқа және ішкі нарыққа жеткізуге арналған мұнай тасымалының әртараптандырылған жүйесі бар:

- Қазақстандық мұнайдың экспорты Каспий құбыр консорциумының мұнай құбыры;

- Атырау-Самара мұнай құбыры;

- Атасу-Алашанькоу мұнай құбыры;

- Ақтау теңіз порты; темір жолмен жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда мұнай экспорты бойынша шектеулер жоқ», деді ол министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Осы ретте министр Кеңқияқ-Атырау мұнай құбыры бойынша осы жылғы 1 млн тоннадан 6 млн тоннаға дейін кері бағытта мұнай айдау және Батыс Қазақстан мұнайын Қазақстан Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына және Қытай Халық Республикасына экспортқа беруді қамтамасыз ету мәселелерін шешу қажеттігін айтты.

«Осыған байланысты вице-министр Әсет Маратұлы Мағауовқа «ҚазТрансОйлмен» бірлесіп, Атырау-Кеңқияқ мұнай құбырының реверсін кеңейту жобасын іске асыру мәселесін пысықтауды тапсырамын», деді Болат Ақшолақов.