Қоғам • 18 Наурыз, 2022

Биыл 59 елді мекенге газ беріледі

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы ҚР Энергетика Министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.



Биыл 59 елді мекенге газ беріледі

«2021 жылы газ өндіру көлемі 53,8 млрд текше метрді құрады. Ал 2022 жылға арналған жоспар – 54,5 млрд текше метр. 29,4 млрд текше метр тауарлық газ өндірілді, 2022 жылға жоспар – 29,6 млрд текше метр. Газ экспорты - 7,2 млрд текше метр, 2022 жылға арналған газ экспортының күтілетін көлемі – 5,4 млрд текше метр. Экспорттың төмендеуі ішкі тұтынудың артуымен байланысты», деді ол министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

Министрдің атап өтуінше, 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша елді газдандыру 57,7 пайыз немесе 11 млн адам газға қол жеткізді.

«Өңірлерді дамытуға арналған трансферттер аясында осы жылы 45,8 млрд теңге сомасына газ инфрақұрылымы құрылысының 96 жобасын іске асыру жоспарлануда, оның ішінде 59 елді мекенді немесе 79 мың адамды газбен қамтамасыз ету үшін 38 нысанды аяқтау жоспарланған», деді Болат Ақшолақов.