«Қазақстан Республикасында COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы вакцинация паспорттарын/сертификаттарын/анықтамаларын тану туралы» ҚР бас санитар дәрігерінің 2021 жылғы 26 қазандағы № 48 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін», делінген құжатта.
Жаңартылған тізімде 30-дан астам мемлекет кіріп отыр.
«Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құжаттардың үлгілеріне сәйкес Аргентина Республикасында, Белизде, Боливия мемлекетінде, Бразилия Федеративтік Республикасында, Ұлыбританияда, Мажарстанда, Грузияда, Индонезия Республикасында, Иран Ислам Республикасында, Иорданияда, Испания Корольдігінде, Канадада, Қырғыз Республикасында, Мальдив Республикасында, Моңғолияда, Армения Республикасында, Беларусь Республикасында, Молдова Республикасында, Перу Республикасында, Сан-Марино Республикасында, Сербия Республикасында, Тунис Республикасында, Үндістан Республикасында, Филиппин Республикасында, Таиландта, Түркия Республикасында, Өзбекстан Республикасында, Черногория Республикасында, Чех Республикасында, Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасында, Эквадор Республикасында, Эстония Республикасында және Жапонияда берілген азаматтардың КВИ-ге қарсы вакцинация паспорттары/ сертификаттары/ анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылсын», деп жазылған қаулыда.