Қазақстан • 18 Наурыз, 2022

Электр энергиясы тапшылығының себебі анықталды

246 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Электр энергиясы тапшылығына жасырын майнерлердің бақылаусыз өсуі себеп болды. Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Электр энергиясы тапшылығының себебі анықталды

«2021 жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясын өндіру көлемі 114,4 млрд кВт сағатты құрады. Бұл ретте майнерлердің бақылаусыз өсуіне және электр станцияларындағы апаттық жағдайларға байланысты 2021 жылғы маусымнан бастап тапшылық пайда болды. Ол Ресей Федерациясынан шамамен 300 млн.кВт сағат көлемінде теріс сальдо-ағын есебінен жабылды. 2022 жылға электр энергиясын өндіру жоспары – 114,4 млрд кВт сағат», деді ол министрліктің кеңейтілген алқа отырысында.

«Сондай-ақ, орталықтандырылған сауда-саттықта электр энергиясының тапшылығы мен жоспарлы импорты кезінде майнерлерді шектеу тетіктері енгізілді. Жалпы, қазіргі уақытта заңсыз цифрлық майнинг субъектілерін анықтау бойынша жұмыс жалғасуда. Осы субъектілерді одан әрі реттеу аясында келесі мәселелер пысықталуда: цифрлық майнинг қызметін лицензиялауды енгізуді және цифрлық майнинг субъектілерінің электр энергиясын тұтынуына квоталарды айқындауды көздейтін заңнамаға түзетулерді енгізу; жаңа майнерлер үшін қуаттарды қосуға мораторий енгізу; цифрлық майнинг субъектілерін электр энергиясын жаңартылатын энергия көздерінен және импорттан тұтынуға ауыстыру», деді Болат Ақшолақов.