Қазақстан • 20 Наурыз, 2022

Бауырластық – ішкі саясатымыздың мызғымас тұғыры

521 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Елордадағы Достық үйінде этномәдени бірлестіктердің, ҚХА қоғамдық институттарының және өңірлердің қатысуымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын түсіндіру мен іске асыру мәселелері талқыланды.

Бауырластық – ішкі саясатымыздың мызғымас тұғыры

Кеңес жұмысына Президент Әкім­шілігі басшы­сының орынбасары Аида Балаева, ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Мәжіліс депутаттары, уә­кілетті органдар және БАҚ өкілдері, қоғам қай­рат­керлері, ҚХА мүшелері, этно­мәдени бірлестіктердің, сон­дай-ақ ҚХА республикалық және өңірлік қоғамдық құры­лым­дардың басшылары қатысты.

Кездесуді Қазақстан халқы Ассам­блея­сының Хатшылығы, Этносаралық қаты­настарды дамыту комитеті мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қо­ғамдық келісім» РММ ұйым­дастырды.

Президент Әкімшілігі бас­шысының орынбасары А.Балаева  өз сөзінде Қазақ­стан үшін бұл Жолдаудың рөлі мен ма­ңызы өте жоғары екенін атап өтті. Соны­мен қатар Жолдауда айтыл­ған міндет­тер тәуелсіз еліміздің бүгінге дейін жеткен жетіс­тік­терінің жиынтығына негіз­делгенін айтты.

«Мемлекет басшысы Қазақ­стан халқы Ассамблеясына үлкен үміт артып отыр. Реформалардың кезекті пакетін сіздердің қол­дауыңызбен ғана тұрақты әрі қауіпсіз іске асыруға болады. ҚХА жұмыс істейтін саланың күрделі екені баршаға аян. Бұл Ресей-Украина шиеленісінен туындаған геосаяси қиындықтар аясында айқын көрініп жатыр. Қазақстан әрқашан халық­тар арасындағы бауырластықты қол­дайды. Бұл – біздің ішкі саяса­ты­мыздың мызғымас тұғыры», деді А.Балаева.

Президент Әкімшілігі бас­шысының орынбасары Қазақстан халқы ықтимал сын-қатерлерге жария түрде қарсы тұруы керек екеніне екпін берді. 

«Тәуелсіздігіміздің тарихында талай рет солай әрекет еткенбіз. Ең бір қиын жағдайларда Қазақстандағы этностар ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісім үшін бір шепте тұрып күресе білді. Сонымен бірге ұлтаралық көріністі идеал­дандырудың қажеті жоқ. Өткір мәсе­лелерді анықтап, өз құзыретіміз шегін­де алдын алу шараларын қабылдау керек. Бұл істе де архаикалық жұмыс тәсілі­нен, бюрократиялық бағыттардан, көпсөз­діліктен арылу керек. Президент әр сөзінде тиімді әрекет ету басым бағыт болуы керегін айтып, қоғамға ашық болудың үлгісін көрсетіп жүр», деді Аида Балаева.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы жа­риялаған реформалар пакеті кезең кезеңі­мен жүзеге асырылып жатқанына тоқталды. Осы орайда қоғамдық кеңестер, ақпаратқа қолжетімділік туралы заңға түзетулер енгізілгенін атап өтті. Осы мәселелер мен заңнамалық түзетулердің бәрі қоғам мен мемлекет арасындағы диалогты күшейтетінін жеткізді. Сондай-ақ ол Қазақстан хал­қы Ассамблеясының кадр резер­він құру туралы ұсынысты қол­дайтынын жеткізді.

«Біз ҚХА көшбасшылық мект­е­бін құруымыз керек. Өзі­міздің инсти­туттарымыздың миссияларын орындай отырып, әрі қарай жұмыс істейтін жас және жігерлі азаматтардың пулын қалыптастыруымыз қажет. Бізге Парла­мент Сенатының депутаттығына кандидаттарды іріктеу рәсімін әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу керек. Заң тұрғысынан қалай болатынын зерделеуге болады. Президент қоғамдық кеңестер мен басқа да үкіметтік емес ұйымдардың Ұлттық құрылтайға кіретінін айтты. Бұл жерде ҚХА кеңестері мен институттарының Қазақстанның әрбір азаматының мүддесін қорғай отырып, Ұлттық құрылтай құрамында болуы да маңызды. Соның аясында жедел түрде үлгі­лік жоспарды әзірлейтін жұ­мыс топтарын құру керек. Ол жос­пардың бүкіл тармақтары респуб­ликалық ауқымда іске асырылуға тиіс», деді Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары.

Мәжіліс депутаты Наталья Демень­тева биылғы Жолдаудың тарихи ма­ңыздылығына ерекше тоқтала отырып, Жолдауда берілген негізгі қағидаттарды жүзеге асыру үшін өз ұсы­ныс­тарын жеткізді.

«Алдымен, Жолдауда белгі­ленген негізгі қағидаттарды жү­зеге асыру үшін Қазақстан хал­қы Ассамблеясынан кадрлық ре­зерв даярлау керек, «Қо­ғамдық келісім» үйлерінің аумағында Жолдауды талқылау үшін бірыңғай күн жариялап, Президенттің Қазақстан хал­қына Жолдауын жүзеге асыру­дағы этностардың қосқан үлесі туралы барлық этномәдени бірлес­тіктерде жиналыс өткізген жөн. «Қоғамдық келісім» үйлері­нің аумағындағы «Жаңа Қазақ­станды құру ісіне қосқан үлесім» атты этно-мәдени бірлес­тіктерінің республикалық акция­сының басталуын жариялау­ды қолдаймын. Халқымыз «Бір­лігі бекем ел озады» деп бекер айтпаған. Баршаңызды Прези­ден­тімізді қолдап, еліміздің игілігі жолындағы жауапты жұмысты бірге жасауға шақырамын», деді депутат.

Қоғам қайраткері Максим Рожин Президенттің бұл Жол­дауы әрбір қазақстандыққа жаңа мүмкіндік ашатынына назар аударды.

«Алдағы кезең, соның ішінде ҚХА үшін үлкен мүмкіндіктер кезеңі. Ассам­блея үшін ғана емес, әрбір қазақстандық үшін мүмкіндіктер кезеңі басталып отыр. Бұл Жолдаудан алдағы уақытта Жаңа Қазақстан ұлттық мүддеге негізделетінін жақсы түсіндім. Әрқайсымыз Жаңа Қазақстанның бір-бір кірпішіміз. Оның дамып, гүлденуі өз қолы­мызда. Соңғы уақытта Ассам­блея атына айтылып жатқан сын жеткілікті, осы ретте айтатыным ҚХА өзін көрсетіп, медиа форматында, QOGAM LIFE секілді жобаларды жандандыру керек», деді М.Рожин.

Сөз соңында А.Балаева Кеңес­тiң жеке мiндеті pетiнде Ұлт­тық құpылтайдың аyқымды әpi ке­шендi мәселелеpiн егжей-тег­жейлi талқылап және оны сәyip­де өтетiн Ассамблеяның кезектi сессия­сының талқылаyына шы­ғаpy қажеттiгiн айтып өттi.

ҚХА Кеңесiнiң мүшелеpi өз сөздеpiнде ҚХА-ның кадpлық pезеpвiн ұйымдастыpy; бipлiк саясатын ақпаpаттық iлгеpiлетy мәселелеpiн талқылаy үшiн тұpақты жұмыс iстейтiн алаң pетiнде «ҚХА-медиа» шығаp­машылық зеpтханасын және QOGAM LIFE платфоpмасын құpy; Достық үйлеpiнiң базасында этномәдени бipлестiктеpдiң Жолдаyға қосқан үлесi бойынша «Әpкiмнiң Жаңа Қазақстанды құpyға қосқан үлесi» атты pеспyбликалық акциясын iске асыpy тypалы ұсыныстаp бiлдipдi.

Сондай-ақ Кеңесте азамат­таpға өз iсiн ұйымдастыpyға қол­даy көpсетyге бағытталған «Биiк аpманға шағын қадам» акциясы басталды.

Кеңес жұмысының соңында Ассам­блея мүшелеpi Жолдаyдың мiндеттеpi iске асыpылып, Жаңа Қазақстан тарихында жаңа жарқын парақтар ашатынына сенiм бiлдipдi.