Әлем • 21 Наурыз, 2022

Жапониядағы жер сілкінісі: Пойыздар 20 сәуірден бастап жүре бастайды

356 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Жапония теміржол компаниясы өткен аптада Жапонияның солтүстік-шығысында күшті жер сілкінісі салдарынан рельстен шығып кеткен жүрдек пойыздардың қызметін 20 сәуірде қалпына келтіруді көздеп отырғандарын мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz Кyodo агенттігіне сілтеме жасап.



Жапониядағы жер сілкінісі: Пойыздар 20 сәуірден бастап жүре бастайды

Пойыздар қозғалысын қайта жандандыру шамамен бес аптаға созылады. JR East компаниясы осы уақытқа дейін жабдықтар мен инфрақұрылымға 1000-ға жуық зақым келгенін растады. Оның ішінде 300-ге жуығы теміржолдарда орын алды. Оператор JR East ертең,сейсенбіде Фукусима префектурасындағы Насушиобара мен Корияма станциялары мен Иватедегі Ичиносэки және Мориока станциялары арасындағы жұмыс жанданатынын мәлім етті.

Атап айтқанда 2 сәуірге таман Корияма мен Фукусима арасында жүрдек пойыз жүретін болады, ал екі күннен кейін Сендай мен Ичиносэки арасындағы қатынас қалпына келтіріледі.

Жексенбі күні оператор Мияги префектурасының Широиши қаласындағы станциядан 2 шақырымдай жерде жолдан тайған 17 вагондық пойызды шығаруға кірісті. Барлығы 17 вагонның 16-сы рельстен шығып кеткен.

Айта кетсек, өткен сәрсенбі күні кешке қарай Фукусима префектурасында 7,4 балдық жер сілкінісі болып, бірнеше префектурада үш адам қаза тапқан еді, 200-ден астам адам жарақат алды.