Аймақтар • 21 Наурыз, 2022

Өзбекстан-Қазақстан шекарасында контрабандалық көліктер ұсталды

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстаннан Қазақстанға кіре берісте контрабандалық көліктер ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР ҰҚК Шекара қызметіне сілтеме жасап.

Өзбекстан-Қазақстан шекарасында контрабандалық көліктер ұсталды

«2022 жылғы 19 наурызда «Б. Қонысбаев» өткізу пунктінде (Түркістан облысы), Өзбекстаннан Қазақстанға кіретін көліктерді тексеру кезінде шекара наряды үш жүк көлігін ұстады. Олардың ішінде ілеспе құжаттары жоқ 6 шетелдік жеңіл көлік болған.

Контрабанданы өткізу әрекеті үшін Қазақстан азаматтары ұсталды. Тауардың алдын ала бағалау құны 70 млн теңгені құрайды», делінген хабарламада. 

Ұсталған жүк Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне тапсырылады.