Әлем • 22 Наурыз, 2022

Өзбекстан үш жылға жарамды IT виза енгізеді

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстан 1 сәуірден бастап инвесторлар, IT компания құрылтайшылары, ақпараттық технология саласындағы мамандарға және олардың отбасына IT виза бере бастайды, деп хабарлайды Egemen.kz Өзбекстанның IT-паркіне сілтеме жасап.

Өзбекстан үш жылға жарамды IT виза енгізеді

Жеке тұлғаларға IT виза үш жылға дейін беріледі.

Яғни, бұл визаны алған азаматтар үш жыл бойы Өзбекстанға емін-еркін кіріп-шыға алады. Оған қоса, Өзбекстан азаматтарына қарастырылған білім және медицина қызметтерін алу құқығы қарастырылған.

Айта кетсек, жиза IT-парктің ұсынысымен беріліп отырады. Оны алу шарттары мақсатына қарай ерекшеленеді.

IT-визаға берілген өтініш үш жұмыс күні ішінде қарастырылады.