Қоғам • 22 Наурыз, 2022

Елімізде жер қойнауын пайдалану құқығына қатысты аукционға өтініштер қабылдана бастады

799 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда жер қойнауын пайдалану құқығына ие болу бойынша аукционға қатысу өтініштері қабылдана бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде жер қойнауын пайдалану құқығына қатысты аукционға өтініштер қабылдана бастады

«Жер қойнауын пайдалану құқығын алуға мүдделі барлық тұлғалар аукцион өткізуге арналған өтінішті «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ электрондық аукциондар операторының сайтында бере алады (www.gosreestr.kz). ҚР Энергетика министрлігімен келісілген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 2022 жылғы 7 ақпандағы бұйрығымен Мемлекеттік жер қойнауы қорын басқару бағдарламасы бекітілді, оған аукцион негізінде жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін 60 жер қойнауы учаскесі енгізілді», делінген Энергетика министрлігінің мәліметінде.

Аукционды өткізуге арналған өтініштер қаралғаннан кейін, ҚР Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында көмірсутектер бойынша Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған электрондық аукцион өткізу туралы хабарлама жарияланады.

«Хабарламада сіздер келесі ақпаратпен таныса аласыздар: географиялық координаттар, қол қойылатын бонустың бастапқы мөлшері, барлау кезеңінде жер қойнауы учаскесіндегі жұмыстардың көлемі мен түрлері бойынша ең төменгі талаптар және олардың бағалау құны туралы, сондай-ақ аукционға қатысуға өтініштер беру мерзімдері, аукционды өткізу күні мен уақыты. Аукционға қатысуға арналған өтініштер Энергетика министрлігінің сайтында хабарлама жарияланған күннен бастап 2 ай ішінде қабылданады (Кодекстің 95-бабының 4-тармағы). Аукционды өткізу күні хабарламада көрсетіледі», деп нақтылады ведомство.