Коронавирус • 23 Наурыз, 2022

122 мыңнан астам бала емізетін әйел коронавирус вакцинасын салдырды

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентін 9 443 040 адам, екіншісін 9 126 626 адам салдырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

122 мыңнан астам бала емізетін әйел коронавирус вакцинасын салдырды

«Pfizer» вакцинасының ️ I дозасын 928 897 адам, ІІ дозасын 758 652 адам салдырды.

Оның ішінде:

І компонент

  • Жасөспірімдер – 770 728
  • Жүкті әйелдер – 35 082
  • Бала емізетін әйелдер – 122 934.

ІІ компонент

- Жасөспірімдер – 633 923

- Жүкті әйелдер – 27 840

- Бала емізетін әйелдер – 96 824.