Әлем • 23 Наурыз, 2022

Қытайдағы ұшақ құлаған ауданда әлі ешбір адамның мәйіті табылмады

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қара жәшіктер де жоқ. Құтқарушылар әуе кемесінде болған 123 жолаушы мен 9 экипаж мүшесінің құжаттары мен киімдерінің қалдықтарын ғана тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz 24.kz-ке сілтеме жасап.

Қытайдағы ұшақ құлаған ауданда әлі ешбір адамның мәйіті табылмады

Билік лайнер қатты талқандалғандықтан апаттың себебін анықтау қиынға соғуы мүмкін дейді.

Еске салсақ, өткен дүйсенбі күні Қытайдың оңтүстік батысындағы Куньмин қаласынан Гуанчжоуға бет алған «Шығыс Қытай әуе желілері» компаниясына тиесілі «Боинг 737» апатқа ұшыраған болатын.

Әуе кемесі алдымен радардан жоғалып кетіп, артынан құтқарушылар оның сынықтарын Тэнсянь уезіндегі таулы аймақтан тапқан. 

- Әуе диспетчерлері экипажбен бірнеше рет хабарласпақ болғанымен жауап ала алмады. Артынан ұшақтың Учжоу қаласының маңында апатқа ұшырағаны белгілі болды. Құтқарушылар аман қалған адамдар болуы мүмкін деген үмітпен апат ауданын қоршап іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл Боинг-737 800 ұшағын Қытайға 2015 алып келген. Содан бері 18 мыңнан аса сағат ұшқан, - деді Қытай азаматтық авиациясы басқармасының өкілі Чжу Тао.