Қазақстан • 24 Наурыз, 2022

Экспорттаушылардың шығындарын өтеуге өтінім қабылдана бастады

270 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Сауда және интеграция министрлігі елімізде экспорттаушылардың шығынын өтеуге өтінімдер қабылдана бастағанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Экспорттаушылардың шығындарын өтеуге өтінім қабылдана бастады

«QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ - Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің отандық өңделген тауарлар мен ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету жөніндегі операторы 24 наурыз сағат 9:00-ден 24 сәуір сағат 17:00-ге дейін шығындардың бір бөлігін өтеуге өтінім қабылдау басталғанын хабарлайды», делінген ведомство ақпаратында,

Министрлік ұсынған мәліметтерге сенсек, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне шығындардың бір бөлігін өтеу (шарттары мен тетігі, оның ішінде өтінім нысаны және оған қоса берілетін құжаттар) ҚР Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрығымен бекітілген Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің отандық өңделген тауарларды, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.